Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық форумы

Қарағанды облысында «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» форумы өтті. Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің қабырғасында үш жүзден астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиналды.

Қарағанды «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы форумның пленарлық отырысында «Қазақ әдебиеті» оқулығы: оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері тақырыбында баяндама жасады. Орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мазмұны, білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқушылардың жобалау-зерттеу қызметі және басқа да көптеген өзекті тақырыптар бойынша мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, институттың аға оқытушысы Мукушева Меруерт Алтынбековна форумның 4 секция жұмысына қатысып, «Педагогтың кәсіби даму моделі» тренингі арқылы педагогтердің оқыту сапасы, әдістемелік жұмысы және ғылыми-зерттеушілік жұмысын жүргізу құрылымын көрсетті. Секция барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерін дайындау бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің аттестациясы туралы мәселелер қамтылды.

Форум қорытындысы бойынша пәнді оқытуды жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

Мукушева Меруерт Алтынбековна, Қарағанды «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Наши филиалы