Шебер сынып «Функционалды оқу сауаттылығын артырудың креативті әдістері»

2022 жылы 24 наурызда «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Раимкулова және «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Р.М.Жуманова бірлесе отырып институттың зерттеу алаңы, тірек мектебі Шымкент қаласы № 28 ЖОМ-тің жаратылыстану ( биология және химия, физика, география) және математика пәндері мұғалімдерімен «Функционалды оқу сауаттылығын артырудың креативті әдістері» тақырыбында шебер сынып өтті.Мақсаты:функционалды сауаттылық ұғымы мен жаратылыстану сауаттылығын дамыту тәсілдерін зерделей отырып, пән мұғалімдеріне оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндерін оқыту арқылы функционалдық сауаттылық үдерісін дамытуға әдістемелік қолдау көрсету. Шебер сыныпта мұғалімдер жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дамуына қажетті негізгі құралдардың бірі болып табылатын функционалды оқу сауаттылығын арттырудың креативті әдістерімен танысып, мектеп түлегінің алған білімі мен дағдыларын шынайы өмірлік жағдайларда табысты жүзеге асыруы үшін қажетті құзыреттіліктердідамыту құралдарына бағытталған тапсырмалармен жұмыстар жүргізді.Іс-шара барысында пән мұғалімдерімен бірге креативті ойлау дағдысын дамыту үшін Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы», «Проблемалық оқыту» (PBL) үшін алынатын мәтіндер үлгісі, PIZA зерттеулер аясындаFILA–кестелік шаблонын толтыру үшін әртүрлі проблемалық ситуацияларды шешу жолдары бірге талқыланды. Дайындаған: Р.М.Жуманова

Наши филиалы