Математикалық сауаттылық – функционалдық сауаттылықтың компоненті

Наурыз айының 28-ші жұлдызында «Өрлеу» Павлодар филиалымен «Функционалдық сауаттылық: заманауи тәжірибедегі сын-қатерлер және тиімді тәжірибелер» атты Екібстұз қаласы ұстаздарының жұмыс тәжірибесімен алмасуға арналған инновациялық алаң ұйымдастырылды.

Инновациялық алаң аясында «Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде» тақырыбында вебинар өтті. (модераторы «Өрлеу» оқытушысы Б. А. Жаукенова)
Іс-шараның басты мақсаты математика пәнін оқытудың тиімділік деңгейін арттыру үшін педагогтердің функционалдық сауаттылығын жетілдіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруда мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету болды.

Вебинар барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамытуда мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі анықталды. Математика сабақтарында мектеп ұстаздарымен РISA форматындағы есептерді шешу және тиімді педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылып, аталмыш пән мұғалімінің қызметін түзету үшін ұсыныстар жасалды.

Вебинар тақырыбы қатысушылардың қызуғышылығын тудыртып, өзара тәжірибе алмасып, белсенді диалогқа тартты. Ал дианмикалық жұмыс барысы мұғалімдердің бір-бірімен өзара әрекеттесуінің перспективалық жолдарын жасауға мүмкіндік берді.

Наши филиалы