Жамбыл облысы педагогтерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту бойынша курстар

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіптік даму институтының директоры С.С. Құрманбекова білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде педагогтердің пәндік құзыреттіліктері және білім беру үдерісінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың бірінші тамызынан бастап пәндік құзыреттерді дамыту бойынша біліктілікті арттыру курстары басталады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының оқытушылары 44 білім беру бағдарламасын 12 пән бойынша: бастауыш сыныптар, математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих пәндерінен әзірледі. Енгізілетін бағдарламалар педагогтердің сұраныстарына толық сәйкес келеді, өйткені пән бойынша күрделі тақырыптарды тереңдетіп меңгерту қажеттілігі туындап отыр. Білім беру ұйымдарының басшылары С. Құрманбековаға «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауына қатысатын педагогтерге қолдау көрсету,  болашақта Жамбыл-«Өрлеумен» ынтымақтастық пен өзара бірлескен жұмысты жүргізу сияқты өзекті мәселелер аясында сұрақтар қойып, жауап алды.  Педагогтердің  жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне тілектеспіз!

Наши филиалы