Ерекше сабақ!

Меркі ауданының В.Савва атындағы №9 мектеп лицейінің педагогтері «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» қысқа мерзімді курсы аясында бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамытуда тәжірибе алмасу мақсатында әріптестеріне ерекше сабақ дайындады. “Жаратылыстану” пәні бойынша сабақты ұйымдастыруға  бірнеше бастауыш сынып мұғалімдері С. Вишнякова, О. Ли, Л. Шукурова, О. Баронецкая қатысты. Сабақ барысында мұғалімдер белсенді әдістерді, саралау, формативті бағалау және рефлексия тәсілдерін тиімді қолданатындықтарын көрсетті. Педагогтер оқушыларға зерттеуді қалай дұрыс ұйымдастыру және қолдау көрсету керектігін көрсетті. Сабақ соңында курс тыңдаушылары ұйымдастырушылар мен жас зерттеушілерге алғыс айтып, әрбір қатысушыны сабақтағы креативтілігі, ғылымилығы, тапқырлығы мен белсенділігі үшін медальондармен марапаттап отырды.

Наши филиалы