Ғылыми-әдістемелік семинар өтті

28 маусым  күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті базасында «Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинарды аталмыш білім ордасының орыс филологиясы кафедрасы ұйымдастырды.

Семинарға «Өрлеу»-БҚО курс тыңдаушылары қатысты. Курс жетекшісі Габдрахманова Бибигуль Демеуовна. Сонымен бірге орыс филологиясы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, факультеттің докторанттары, магистранттары, қала және облыс мектептерінің оқытушылары-филологтары қатысты.

Семинар мақсаты: кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау, жас оқытушылар мен мұғалімдерді ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту, тілдік пәндерді оқытатын оқу орындарының қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту.

Семинарда университеттің оқытушы-ғалымдары «Орал казактары және орман: зерттеудің лингвистикалық және мәдени аспектісі», «Евгений Онегин» романындағы бас кейіпкер бейнесі: А.С.Пушкин мен Абай стиліндегі психологизм»., «Пушкин және қазіргі заман», «Қуғын-сүргінге ұшыраған түркология: Мағжан Жұмабаев поэзиясы» тақырыптарында құнды баяндамаларын ортаға салды.

Сондай-ақ тіл білімінің мамандары  «М.О.Әуезов және әлем әдебиеті», «Орыс және қазақ тіл мәдениеттеріндегі колонимдік концептілердің ұлттық-мәдени ерекшелігі (салыстырмалы аспект)», «Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті мәселелері (ғылыми жоба тақырыбын таңдау)», «Көптілділік жағдайында орыс тілін оқытудың құзыреттілік тәсілі» атты баяндамаларын ұсынып, салмақты мәселелерді талқыланды.

Наши филиалы