Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту

Үстіміздегі жылдың 28 наурызында Тараз қаласының  қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беруұйымдарының жаратылыстану және физика мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану» және «Физика» пәндері мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында  80 сағаттық біліктілікті  арттыру курсы басталды. Курс аясында тыңдаушылар білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында “Жаратылыстану” және “Физика” пәндері мазмұны мен әдістемесі сабақтастығының ерекшеліктері, білім алушылардың дамушы когнитивтік (танымдық) саласын жобалауды, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, негізгі құзыреттерін, soft skills, зерттеу дағдыларын дамыту бойынша оқу сабақтарының қысқа мерзімді жоспарлары мен тапсырмаларын әзірлеуді, оқыту және оқыту практикасында IT-технологиялар мен цифрлық ресурстарды қолдануды меңгереді.

Наши филиалы