Балабақша педагогтеріне арналған вебинар өтті

Кәсіби құзіреттілік-бұл мұғалімнің қажетті білім, білік, дағды мен тәжірибені игеруі негізінде педагогикалық мәселелерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін қабілет пен іс-әрекетке дайын екендігінде көрінетін тұлғаның сапасы.
Тәрбие – білім беру процесінде заманауи технологияларды іске асыруда педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру мақсатында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты 2022 жылы 30 наурызда № 57«Салтанат», № 68 «Балбұлақ», № 76 «Әдемі» балабақша педагогтеріне “Заманауи технологияларды қолдану арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру” тақырыбында вебинар өткізді.

Наши филиалы