Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың 29 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Тулекова Айша №36 орта мектептің базасында Тараз қаласы мектептерінің  қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдері үшін «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Іс-шара барысында мұғалімдер нормативті құжаттарға сүйене отырып, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың жоспарын жасады. Сонымен қатар, проблемаларды шешу жолдары талқыланып, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары қарастырылды. Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, алдағы уақыттағы бірлескен жұмыстарды жоспарлады.

Наши филиалы