Педагогикалық идеялар панорамасы “конкурсына қатысуға шақырамыз

Құрметті әріптестер!

Қазақстан республикасы білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен “Өрлеу” біліктілікті арттыру акционерлік қоғамы “Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық байқауының басталғандығын жариялайды.

Еліміздің әр аймағынан қатысушы педагогтер санаты мен өтіліне қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және қосымша білім берудің өзекті тақырыптары бойынша инновациялық идеяларын ұсына алады, сондай-ақ өздерінің АКТ-құзыреттерін меңгеру деңгейін көрсете алады.

“Педагогикалық идеялар панорамасы” – бұл Сараптамалық кеңестің 5 бағыт бойынша 22 номинацияда таңдаған үздік дәрістер, сабақтар, практикалық және зертханалық жұмыстар, семинарлар мен мастер-класстар қоры. Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №232 бұйрығына сәйкес біліктілікті беруге аттестаттау кезінде ескерілетін сертификаттар беріледі.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтіп https://ppi.orleu-edu.kz және өтініш беруіңіз қажет. Сіз байқауға жеке немесе әріптестеріңізбен бірге қатыса аласыз. Әр бейне үшін жеке нысанды толтыру қажет.  Байқауға басқа байқауларда пайдаланылмаған,  желіде жарияланбаған бейнероликтер қабылданады.

Наши филиалы