Event Category: КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ

Педагогтер назарына!

Сіздерді 17-21 қаңтар аралығында «Білім беру робот техникасы және электрондық құрылғыларды жобалау» және «Робототехника, интернет заттары негіздері (IoT), 3D модельдеу және басып шығару» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырамыз! Курс ZOOM платформасы арқылы өткізіледі. Курс дәрістері 30 күнге дейін сақталып, қолжетімді болады! Курсқа қатысты сұрақтар бойынша +7705 824 93 25 нөміріне хабарласуға болады.

Толығырақ

Физика-математика пәні мұғалімдерінің назарына!

Сіздерді 17-24 қаңтар аралығында «Физика және математика пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы онлайн форматта (Zoom) өткізілетін 40 сағаттық біліктілік арттыру курсына қатысуға шақырамыз! Курс барысында: – білім берудің заманауи трендтері; – пәндік білім беру сапасын арттыру мақсатында интерактивті оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану; – критериалды бағалау үдерісін жетілдіру жолдары қарастырылады. Курсқа қатысты сұрақтар бойынша +7 777 […]

Толығырақ

Аймақтық on-line семинар: «Педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы өз бетімен білім алудың жолдары»

Қатысушылар санаты: Білім бөлімдері мен Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинет басшылары, кабинет қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері

Толығырақ

Ағылшын тілі курсы

Future English Online Teacher Community Programme пилоттық жобасын іске асыру мақсатында The British Council мен “Өрлеу “БАҰО” АҚ арасындағы келісім шеңберінде 17 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп ағылшын тілі педагогтерінің екінші легін оқыту басталады. Іріктеу тестілеуден сәтті өткеннен кейін екінші лекте ағылшын тілі мектептерінің 60 педагогы оқуға жіберілді.

Толығырақ

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКБ оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту

10-21 қаңтарда «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ТжКБ педагогтері үшін курс өткізеді. Курс тақырыбы: “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКБ оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту”. Оқыту тілі: орыс тілінде

Толығырақ

Білім беруді жаңғырту жағдайында педагог кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері

Жамбыл – «Өрлеу» 29 желтоқсан күні сағат 14.00-де «Білім беруді жаңғырту жағдайында педагог кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері: инклюзия жағдайында қосымша кәсіби құзыреттерді дамыту» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізетіндігін хабарлайды. Конференцияның мақсаты – инклюзия жағдайында педагогтердің қосымша кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда заманауи білім беру технологияларын қолдану теориясы мен практикасының көп қырлылығын ашатын кең ауқымды бағыттарды талқылау. Конференцияның […]

Толығырақ

Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі

«Өрлеу» БҚО институты сәуір айында дәстүрлі түрде өтетін «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі»  республикалық байқауын өткізуді жоспарлауда. Мақсаты: Ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының оқу-әдістемелік қызметін, тәжірибесін тарату.

Толығырақ

Облыстық вебинар өтеді

«Өрлеу» БҚО институтында ақпан айында Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқу бағдарламасындағы күрделі оқу мақсаттарын меңгертудің тиімді тәсілдері» тақырыбында облыстық вебинар өтеді. Басым бағыты білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру процесін ұйымдастыру.

Толығырақ

Әдіскерлер мен мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған вебинар

Қаңтар айында «Өрлеу» БҚО институтында «Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңыздылығы» тақырыбында қалалық вебинар өтеді. Вебинар жұмысына  әдіскерлер мен мектепке дейінгі тәрбиешілер қатысады.

Толығырақ
X
×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?