Category: Қызылорда облысы

Тәжірибе алаңы – 2022: шығармашыл ұстаздардың шыңдалу алаңы

2022 жылдың 2 қаңтары күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетімен бірлескен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің дәстүрлі облыстық «Тәжірибе алаңының» кезекті жұмысы басталды. Алаң жұмысына Қызылорда облысы бойынша білім ұйымдарынан 88 мұғалім қатысты. Алаңның ашылу салтанатында сөз алған Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева және алаң жұмысын ұйымдастырушы […]

Толығырақ

STEM-оқыту: ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинар өтті

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында 24 желтоқсан күні «STEM-оқытудың білім алушылардың ғылыми-техникалық бейін мамандықтарын саналы таңдауы мен функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинар өтті. Вебинардың мақсаты – адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру қарқынының өсуіне және заманауи цифрлық технологиялардың дамуына байланысты зерттеу қызметтері мен практикалық форматтарда STEM-білім берудің маңыздылығы мен өзектілігін көрсету. Вебинар […]

Толығырақ

Тәуелсіздік мерекесіне арналған шара өтті

2021 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шараны Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз […]

Толығырақ

ЖОО білім беруді дамытудың жаңа контексіндегі қазіргі заманауи трендтер

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ұлтай Ешимова 9 желтоқсан күні «Болашақ» Университеті профессор-оқытушыларына «ЖОО білім беруді дамытудың жаңа контексіндегі қазіргі заманауи трендтер» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шара барысында профессор-оқытушыларға әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген трендтер және олардың қолданбалылығы жайлы ақпараттар ұсынылды. Нақты адаптивті оқыту, STEAM трендін қолдану бойынша тренинг […]

Толығырақ

«Үздік ҚМЖ – 2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 желтоқсан күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жаңартылған бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдердің Бағдарламаның түйінді идеяларын сындарлы оқыту үдерісіне енгізудегі үлгілі педагогикалық тәжірибелерін анықтау және насихаттау мақсатында өткізілген «Үздік қысқа мерзімді жоспар – 2021» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау Қызылорда облысы бойынша филиалында жемісті еңбек еткен, ұлағатты ұстаздар, білікті тренерлер […]

Толығырақ

Шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы» өтті

4 желтоқсан күні Сырдария аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектеп базасында аудан көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың «Тәжірибе алаңы өткізілді. Тәжірибе алаңының мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау. Алаңға «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері Серік Құсейінов пен Оразбай […]

Толығырақ

Тиімді оқытудағы «Education Scrum»

2 желтоқсан күні Қызылорда қаласындағы «Орда» колледжінің оқытушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруде заманауи педагогикалық және SMART – технологияларды пайдалану» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы барысында филиал тренері Жанар Жубауова «Тиімді оқытудағы «Education Scrum» тәсілін қолдану тиімділігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Қазіргі заманғы Education Scrum білім беру ортасын ұйымдастыруда білім алушының белсенділігі мен дағдыларын дамытудың тиімді […]

Толығырақ
X
×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?