Мұғалімдер үйі қонақтарды қарсы алады

  • 29.09.2021 - 10:00
  • Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Киевский көш. 69

29 қыркүйек күні сағат 10.00.-да «Өрлеу» Шығыс Қазақстан филиалының Ұстаздар үйінде Мұғалімдер күніне арналған «ШҚО жас педагогтеріне арналған Ашық есік күні» салтанатты шарасы өткізіледі. Іс-шара ШҚО бойынша білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Бұл күні жас педагогтер Шығыс Қазақстан облысының инновациялық, білім беру орталығы – «Өрлеу» Ұстаздар үйінің қонағы болады.

Жас мұғалімдерді «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «НЗМ» АБҰ педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының тәжірибелі тренерлері жүргізетін қызықты экскурсиялар, шеберлік сыныптары, тренингтер, жеке консультациялар күтеді.

Жас мұғалімдер өздерінің педагогикалық қоржынын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлерді арттыру институтымен әзірленген әдістемелік ұсынымдармен және оқу құралдарымен толықтыра алады.

Бізбен бірге болыңыздар! Қосылыңыз!

Сіз де салтанатты іс-шараның қатысушысы бола аласыз

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

Наши филиалы