Педагогтерге репост!

  • 25.01.2022

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы 2021 жылдың 6-10 желтоқсаны аралығында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін «PISA форматында 5-8 сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларын жобалау» атты қашықтықтан оқыту форматындағы 40 сағаттық біліктілік арттыру курсына шақырады.

Курстық оқыту бағдарламасы PISA форматында 5-9 сынып оқушыларының оқу сауаттылығы дағдыларын дамытудың тест тапсырмаларын жобалау мәселелері бойынша орта білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.

Бұл курс орыс тілі мен әдебиетін оқыту жүйесіндегі өзгерістердің динамикасын бақылауға ғана емес, сонымен қатар стиль мен оқыту әдістемесінің мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер әдістемелік арсеналды кеңейтуге, тест тапсырмаларымен танысуға, оқыту мен оқу практикасындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді көруге мүмкіндік алады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 747 145 48 81.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:25.01.2022
  • Аяқталу күні:25.01.2022
X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?