Республикалық конкурсқа қатысуға шақырамыз!

  • 01.03.2022

Сіздерді «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» Республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

Бейнесабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы шығармашыл, жаңашыл, ізденімпаз ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін арттыруға керемет мүмкіндік береді.

Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан 22 аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңіне қатысушыларды тіркеу басталды. Байқауға қатысу үшін www.ppi.orleu-edu.kz сілтемесі арқылы өтіп, тіркеліңіз!

Конкурс туралы толық ақпаратты +7 705 637 82 81 телефонына хабарласып, білуге болады.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:01.03.2022
  • Аяқталу күні:01.10.2022
  • Website:www.ppi.orleu-edu.kz

Наши филиалы