PISA-2022-ге дайындық. Математикалық сауаттылық

2022 жылдың 12 қантарында «Өрлеу» Қарағанды филиалы PISA-2022 қатысушы мектептердің математика пәні мұғалімдері үшін көшпелі тәжірибелік сессия өткізді.

Сессия мақсаты – PISA бағдарламасының тапсырмаларын орындауға білім алушыларды дайындау бойынша математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Көшпелі сессияны жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бигельдинова Бахытжан Нагизхановна өткізді.

Көшпелі сессияның тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін өзектендіргеннен кейін, PISA бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен оқушылардың математикалық сауаттылығын бағалаудың критериалды шкаласы бойынша сұрақтар қарастырылды.

Сессияда PISA бағдарламасының тест тапсырмаларына талдау жүргізілді, білім алушылардың оларды орындау кезіндегі қиындықтары анықталды, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, ойлау креативтілігін қалыптастырудың тиімді әдістерін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сессияға қатысушылар практикалық құндылықты, тақырыптарды жариялаудағы кәсіби көзқарасты атап өтті, өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтады.

Б.Н. Бигельдинова, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?