-
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Курс соңында тыңдаушылар: 1) “Ағылшын тілі” пәнін оқытуды имплементациялау және дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асырады және оңтайландырады;
2) оқушылардың қарым-қатынас дағдылары мен сөйлеу әрекетін дамыту үшін оқушылардың эмоциялық зиятын қалыптастырудың заманауи стратегияларын қолданады;
3) оқушылардың қарым–қатынас, ынтымақтастық, сыни ойлау, шығармашылық дағдылар сияқты софт дағдыларын генерациялау-4Сs теориясына негізделе отырып, оқушылармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) оқушылардың тілдік дағдыларын оңтайландыруға назар аудара отырып, интерактивті тапсырмаларды жасайды және оқу процесіне кіріктіреді;
5) барлық оқушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқу процесіне тарту үшін сараланған тапсырмалар жасайды;
6) оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ағылшын тілі сабақтарында коллаборативті білім беру пікірталас-модерациялайтын ортаны құру үшін Интернет-жобалық әдісті қолданады;
7) интерактивті сөйлеу әрекеттерін жасау үшін заманауи IT-технологияларды тиімді қолданады