Showing the single result

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту

    Педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасын әзірлеу үшін жүргізілген талдау және диагностика нәтижелері бойынша жасалған осы курстың мақсаты: Оқытуы қазақ тілінде емес орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің кәсіби құзіреттіліктері мен шеберліктерін  жетілдіру. Осы курста педагогтерге инновациялық технологияларды өз тәжірибелерінде қолданудың тиімді әдістемесін ұсынады.

     

    Курс соңында тыңдаушылар:

    1. инновациялық технологияларды өз тәжірибелерінде тиімді қолданады;
    2. оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу жоспарындағы ерекшеліктері негізінде оқыту әрекеттерін жоспарлайды;
    3. оқушылардың білім алуына қолдау көрсетуге бағытталған тапсырмаларды әзірлейді.