Tag: зерттеу

Үш күндік әдістемелік семинар өтті

Ауылдық мектептерге әдістемелік қолдау көрсету аясында 4-6 қаңтар аралығында Меркі ауданы №6 ЖББМ педагогтерінің сұранысы бойынша үш күндік оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Жоспарланған 3 күндік семинардың бірінші күні «Lesson study – сабақты зерттеу», екінші және үшінші күндері «Сабақ жоспарын жаңа форматта құрылымдау және тиімді оқыту» тақырыптарына арналды. «Өрлеу» – Жамбыл  филиалының  Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту […]

Толығырақ

Lesson study: бірінші цикл

Тараз қаласындағы №54 орта мектебінің базасында «Ұшқын» фокус тобының жұмысы жалғасуда. «Өрлеу» – Жамбыл филиалының  жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат фокус тобымен бірге Lesson study-дің бірінші циклын өткізді. Модератор ретінде алғашқы циклдың сабағы жоспарланды. Сабақ жоспарлану барысында сыныпты зерттеу тақырыбына негізделген тиімді оқытудың бірлескен оқу тәсілі таңдалды. […]

Толығырақ

Сабақты зерттеуді мектеп практикасына енгізу

«Өрлеу» – Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні фейсбук парақшасының тікелей эфирінде «Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесін дамыту негізі» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді. Семинар барысында  Нұр-Сұлтан қаласының С.Садуақасұлы атындағы №78 мектеп гимназиясының  үйлестірушісі Гулиза Абдикадырова «Мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытудағы бірлескен жұмыстың  тиімділігі» тақырыбында серіктес мектеп қоғамдастығындағы сабақты зерттеу бойынша  жұмыс барысымен және өз  тәжірибесімен бөлісті. […]

Толығырақ