Актуалды
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
1 ай алдын жарияланған

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының «Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу» зертханасының әдіскері лауазымына бос жұмыс орны бойынша байқау жариялайды.

Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары білімін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімін растайтын құжатының болуы;
  • педагогикалық жұмыс өтілі, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • ұйымдастырушылық қабілетінің болуы;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс жасай білуі.

Аталған бос жұмыс орны бойынша түйіндемені 2022 жылдың                    25 сәуіріне дейін төмендегі мына мекен-жайға жіберу сұралады:

060009, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24,

e-mail: a_ipk@mail.ru

ақпаратты  нақтылау  үшін телефоны: 87016730057