Архив
Қызылорда бойынша "Өрлеу"
2 айлар алдын жарияланған

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты институты қаржы бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында соңғы екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуге тиіс:

– ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Бюджет кодексі, ҚР «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілері;

– бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі әдістемелік материалдар, ұйымдағы бухгалтерлік есептің және шаруашылық қызметті талдаудың нысандары мен әдістері;

– қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, экономика негіздері, Құжаттық тексерулер мен тексерулер жүргізу тәртібі;

– мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы;

– құжат айналымын ұйымдастыру және негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі;

– шоттардың жоспары мен корреспонденциясы;

– қаржы, шаруашылық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері;

– экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, шаруашылық жүргізу әдістері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары;

– ішкі еңбек тәртіп, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
  • фотосурет (3×4 форматы)/ немесе оның электрондық форматы;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • мекенжай анықтамасы;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жұмыс орны бойынша кадр қызметтері немесе нотариуста растаған білімі, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың, еңбек кітапшасының көшірмелері). Ескертпе: кандидаттың құжаттардың түпнұсқасын жеке өзі ұсынған жағдайда көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
  • белгіленген нысандағы медициналық анықтама (Ф 086);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары конкурсқа келгеннен кейін ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2022 жылғы 14 сәуірге дейін мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

120001, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2;

Анықтама үшін телефондар: 8 (7242) 27-62-86, 27-76-51;

Электрондық мекенжай: kyzylordaipk@orleu-edu.kz, ipkit_korda2004@mail.ru

Байқау 2022 жылдың 15 сәуірінде өтеді.