Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
3 айлар алдын жарияланған

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас экономисті лауазымына конкурс жариялайды

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық білім, экономикалық жұмыс өтілі – кем дегенде төрт жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының экономикалық қызметтің тиісті түрін дамыту бағыттарын айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ұйымдарда экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдарды; ұйымның бейінін, мамандануын және құрылымының ерекшеліктерін; ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективаларын; ұйымның өндірістік қуаттарын; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздерін; ұйымның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін; ұйымды басқарудың экономикалық әдістерін, ұйымда жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды; өнімнің, техниканың, технологияның жаңа түрлерін, өнертабыстық ұсыныстар мен өнертабыстарды, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу тәртібін; материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібін; шаруашылық шарттарды жасасу және орындау тәртібін; экономикалық қызметтің тиісті түріндегі ғылым мен техниканың отандық және шетелдік жетістіктерін және экономикалық жұмысты ұйымдастыру мен жетілдіру саласындағы озық ұйымдардың тәжірибесін; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптемесінің тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (сілтеме);

– фотосурет (3*4 формат) / не оның электрондық форматы;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– тиісті білімді, іскерлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

– еңбек қызметін растайтын құжат.

* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі. Үміткердің өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);

– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);

– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары беріледі.

Қажет болған жағдайда, конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 11.03.2022 жылға дейін: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18, Мәскеу БО, 22-қабат, 25 (26) кабинет мекенжай бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасына қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбатты өткізу күні  және орны: 

2022 жылғы 11 наурызда, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Мәскеу БО, 22-қабат, 31-кабинет

Үміткердің құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.