Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
2 айлар алдын жарияланған

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас экономисті лауазымына конкурс жариялайды;  

        Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық білім, экономикалық жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

        Білуі керек: экономикалық қызметтің тиісті түрін дамытудың бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ұйымдарда экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдарды; ұйымның бейінін, мамандануын және құрылымының ерекшеліктерін; ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективаларын; ұйымның өндірістік қуаттарын; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздерін; ұйымның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін; ұйымды басқарудың экономикалық әдістерін, ұйымдағы жоспарлы жұмысты ұйымдастыру; өнімнің, техниканың, технологияның жаңа түрлерін, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарды, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу тәртібін; материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібін; шаруашылық шарттарды жасасу және орындау тәртібін; экономикалық қызметтің тиісті түріндегі ғылым мен техниканың отандық және шетелдік жетістіктерін және экономикалық жұмысты ұйымдастыру мен жетілдіру саласындағы озық ұйымдардың тәжірибесін; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптемесінің тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);

– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

– еңбек қызметін растайтын құжат.

* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);

– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);

– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 19.04.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 20 сәуірі сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы,Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.