Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
4 айлар алдын жарияланған

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық департаменті директорының орынбасары бос лауазымына конкурс жариялайды;  

        Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары заң білімі  және/немесе персоналды басқару саласындағы білім және лауазымның функционалдық бағыттарнына сәйкес салаларда кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымдарында кемінде бір жыл  жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

        Білуі керек: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,құқықтық қызмет бойынша әдістемелік және басқа материалдарды, азаматтық, әкімшілік құқықты, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманы, шаруашылық шарттарды жасау және рәсімдеу тәртібін, кадрларға келешектегі және ағымдағы қажеттіліктерді анықтауды, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздерін, персоналды бағалаудың жүйелері мен әдістерін, персоналдың кәсіби және біліктілік құрылымын талдау әдістерін, персоналға және олардың қозғалысына байланысты құжаттаманы дайындау, жүргізу және сақтау тәртібін, ұйымның жеке құрамы туралы дерекқорды құру тәртібін, табелдік  есепті ұйымдастыруды, персоналдың қозғалысын есепке алу әдістерін, белгіленген есеп беруді құру тәртібін, кадр қызметі жұмысында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін, әлеуметтану, психология және жұмысты ұйымдастыру негіздерін, іскери қарым-қатынас этикасы мен мәдениетін, есептеу техникасының, коммуникация мен  байланыс құралдарын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);

– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

– еңбек қызметін растайтын құжат.

* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);

– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);

– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 08.02.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, 020000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25-кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 49-32-09, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 8 ақпаны сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, 020000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.