Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
3 айлар алдын жарияланған

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер лауазымына конкурс жариялайды;   

        Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі білімімен шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін білу.        Білуі керек: Қазақстан Республикасының ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдарын; үй-жайларды пайдалану тәртібін; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау және келісу негіздерін; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдарды, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, тауар-материалдық құндылықтардың түрлерін, мөлшерлерін, маркаларын, сұрыптылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығыс нормаларын, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймаға қою қағидалары мен тәртібін, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік санитария мәселелерін, жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);

– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

– еңбек қызметін растайтын құжат.

* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);

– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);

– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.03.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 15 наурызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы,Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.