Актуалды
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
2 апталар алдын жарияланған

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының PR, SMM-маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

– Институттың тиісті имиджін, оның саясатын, қызметкерлердің қызметін қалыптастыру және қолдау.

– Бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

– Институттың сайты мен қызметтерін алға жылжыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру.

– Сапалы контент құру, оны әлеуметтік желілерде орналастыру және жылжыту.

– Әлеуметтік желілерде – VK, FB, Twitter, Instagam, OK, YouTube және т.б.пабликтер жүргізу.

– Институт қызметіне деген қарым-қатынасты зерттеу, сауалнама және жұртшылықпен сұхбат ұйымдастыру.

– Апта сайынғы контент-жоспарды және тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерді толтыру арқылы әлеуметтік желілерде институттың имиджін алға жылжыту туралы есепті дайындау.

Білуі тиіс:

– Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдарын, қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды, жұртшылықпен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты өзге де басшылық және нормативтік құжаттарды; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнаманың негіздерін; қоғаммен байланыс саласындағы кәсібик және этикалық қағидалардың халықаралық және ұлттық кодекстерін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2022 жылғы 19 мамырға дейін мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 110000, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86, анықтама телефондары: 8 (7142) 53-30-08, 54-18-83(факс), электрондық мекен-жайы: ipk_kostanay@mail.ru

Конкурс 2022 жылдың 20 мамырда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуретімен резюме;
  • жеке басын куәландыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін -ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жұмыс орны бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған білімі туралы құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі. Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді) ;

Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.