Архив
Алматы облысы бойынша "Өрлеу"
2 айлар алдын жарияланған

Ваканттық лауазым: 

Педагогикалық инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасына IT –маман – 1 вакансия;

Талаптар: жоғары кәсіби білімі болуы керек, жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы, соның ішінде өз мамандығы бойынша.

IT –маман білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасы «Білім туралы»;
  • «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»;
  • «Ақпараттандыру жөнінде».

IT-маманның негізгі функциялары:

  • компьютерлік және офистік техника, бағдарламалық, желілік шешімдер және web-технологиялар арқылы Кафедраның курстық және кейінгі іс-шараларын техникалық қолдау көрсету;
  • кафедра оқытушыларына компьютерлік техниканы және бағдарламалық қамтамасыз етуді оқу процесінде пайдалану бойынша кеңес беру;
  • сандық білім беру ресурстарын құрастыру;
  • Институттың Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Youtube және «Өрлеу білім беру арнасы» және «Өрлеу-Алматы облысы» арналарында Институттың бизнес-беттерінде орналастыру үшін кафедра қызметі туралы бейнероликтер құрастыру.
  • компьютерлік техниканың, желілік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • компьютерлік және оргтехникаға ағымдағы жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізу, жабдықтарды монтаждау және бөлшектеу, Кафедраның жергілікті желісін жүзеге асыру;
  • Кафедраның курстық және курстан кейінгі іс-шараларының фотосы, бейнетүсірілімі.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
  2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
  3. 3*4 фотосурет (2 дана);
  4. Жеке басын куәландыратын құжат;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

  1. Медициналық анықтама (Ф075);
  2. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  3. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
  4. Наркологиялық ұйымнан справка;
  5. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

 Хабарландырудың жарияланған күні: 24.03.2022 ж.

Конкурс өтетін күн: 06.04.2022 ж.