Тиімді серіктестік

Тиімді серіктестік

25 қараша күні «Өрлеу» БҚО институтының базасында Британ Кеңесі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында педагогтердің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында іске қосқан пилоттық жобаны насихаттау үшін баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Пресс-конференцияға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасының кеңесшісі, пилоттық жобаның республикалық үйлестірушісі Нұрсұлу Сүлейменова қатысып, халықаралық жоба педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында мұғалімдерді шығармашылыққа жетелейтін, бәсекелестік шақта тың жол табуға бағыт-бағдар беретін курстың болуы қуантарлық жағдай деп атап өтсе, БҚО Білім Басқармасы  «Білім беруді дамыту орталығы» ағылшын тілі пәні әдіскері Ұлпан Ажикенова облыстағы жобаның өту барысы туралы тоқталды. Сондай-ақ іс-шараға пилоттық жобада білімін жетілдіріп жатқан ағылшын тілі пәні мұғалімдері, онлайн режімінде қалалық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары және осы курста оқып жатырған ауылдық мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Оқытудың әдіс-тәсілдерінің үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдану білу – бүгінгі таңда барлық мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндет. Сол себепті педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде курс сапасын көтеру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру – басты мақсат болып белгіленіп отыр. «Future English Online Teacher Community Program» бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсына Батыс Қазақстан облысы бойынша 110 мұғалім тіркелген. Соның ішінде В1, В2, С1 жоғарғы деңгейді алып отырған 30 мұғалім бүгінгі таңда 1-легте оқып жатыр.

Педагогтерді шығармашылыққа жетелейтін бұл бағдарлама мұғалімдердің қашықтықтан оқытуда жаңа идеялар мен әдістерін сынап көруге, онлайн қоғамдастықтарда өткізілетін талқылауларға қатысуға толық мүмкіндік береді.

Дата

Ноя 25 - 29 2021
Expired!

Время

08:00 - 18:00
QR Code

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

семь + три =

Наши филиалы