2021 жылдың 28 қазан күні Ақтөбе-«Өрлеуде» «Білім алушылардың soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға эксперименттік алаңы бар мектептер – Ақтөбе қаласы, №24 ЛМГ, №61 ЖББОМ, М.Ғабдуллин атындағы №70 ОМ және Ақтөбе қаласы, №35 ОМ, №45 ЖББОМ, Пригород ОМ, Әйтеке би ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы ЖББОМ, Ж.Сәрсенов атындағы ЖББОМ, Қарашатау ЖББОМ, М.Жұмабаев атындағы ЖББОМ педагогтері, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары қатысты.
Семинар барысында модератор, әдіскер М.Т.Адилханова ХХІ ғасыр білім алушыларының құзыреттілігін қалыптастыруда softskills дағдыларының маңыздылығына, икемді дағдылардың ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды. Білім алушылардың жас ерекшеліктері мен әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сай білім беруде softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізудің негізгі бағыттары айтылды.
Семинар жұмысында softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізуді жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру жұмыстарына бағыт-бағдар берілді.