Ағымдағы жылдың 1 қараша күні «Ақтөбе-Өрлеуде» математика, биология пәнінің бастауыш сынып мұғалімдеріне, ТжКБ оқытушыларына, МДҰ педагогтеріне арналған онлайн режимінде біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курстар барысында заманауи білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілері, білім беру сапасын арттыру контексінде оқыту мазмұны және әдістері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды игеру т.б. қарастырылады. Курс тыңдаушылары нормативті-әдістемелік құжаттар мазмұнын игеріп, психологиялық-педагогикалық білімдерін толықтырып, білім беруді психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету және ІТ- құзіреттілігін дамытады. Тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалауда өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, шағын сабақ таныстырылымы, қорытынды тестілеу өткізіледі.Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!
Семинар соңында модератор-институттың аға оқытушысы, п.ғ.м. К. Рахатованың ұйымдастыруымен жұмысты жалғастыру мен нәтижесін саралау туралы бірқатар ұсыныстар қабылданды.