Архив
“Өрлеу” по Жамбылской области
Размещено 1 год тому назад

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немес тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік білімі және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында соңғы жұмыс стажы 3 жылдан кем емес болуы тиіс.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Бюджет кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, есептілік жасау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарын, ұйымдағы бухгалтерлік есептің нысандары мен әдістерін, шоттардың жоспары және хат- хабарлары, бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыруды, негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаматтамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістерін, есептеу техникасын пайдалану қағидаларын, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, шаруашылықты жүргізу әдістерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауыпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды..

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

– Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;

– Суреті бар түйіндеме;

– ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А

Эл.почта: ins_pk@mail.ru

Анықтама үшін: 8(7262)-54-61-81