Размещено 2 месяца тому назад

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның

«Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдарын; үй-жайларды пайдалану тәртібін; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасауды және келісуді; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдарды, тауар-материалдық құндылықтарыды сақтау жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, тауар-материалдық құндылықтардың түрлерін, мөлшерлерін, маркаларын, сорттылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығыс нормаларын, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймаға қою қағидалары мен тәртібін, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік санитария мәселелерін, жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптемесінің тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

– Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;

– Суреті бар түйіндеме;

– ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

 

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.

 

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А

Эл.почта: ins_pk@mail.ru

Анықтама үшін: 8(7262)-54-61-81