«Тіл мен әдебиетті оқытуда нәтижеге бағытталған белсенді әдістерді қолданудың маңызы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді

29 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында «Тіл мен әдебиетті оқытуда нәтижеге бағытталған белсенді әдістерді қолданудың маңызы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Мақсаты – облыстың қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдері арасында тіл мен əдебиетті оқытуда нəтижеге бағытталған белсенді əдістерді қолданудың жолдары негізінде тапсырма құрастыруды үйрену, отандық білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында Padlet.com, Kahoot, Appsleаrning, Classtaime бағдарламаларымен тиімді жұмыс жасауда мамандардың озық іс-тəжірибелерімен бөлісу, практикалық тұрғыдан тəжірибе алмасу.

Іс-шараны институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева алғы сөзбен ашты. Семинарда облыстың қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімдері – А.Ә.Ермаханов / Ақтөбе қаласы №75 ЖББОМ/, С.Б.Мамбетрзаева /Ақтөбе қаласы №24 ЛМГ/, Ж.Ж.Кобенова /Шалқар ауданы Сарықамыс НОМ/, Г.К.Коленкина / Ақтөбе қаласы Əл-Фараби ат. №21 мамандандырылған гимназия/, Г.У.Сулекенова /Ақтөбе қаласы №56 ЖББОМ/, А.С.Сугурбаева / Ақтөбе қаласы №78 ЖББ МГ/ өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды модераторы, кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м. А.С.Сугурбаева жаңашыл идеялары үшін педагогтерге ризашылығын білдірді.

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?