Best Education WordPress Theme

START A COURSE

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨРЛЕУ

Best Education For Design

Rimply dummy text of the printing and typesetting industry
lorem Ipsum has been the industry's standard

START A COURSE

Институт туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

1000

ОҚЫТЫЛҒАН ПЕДАГОГ

1000

ӨТКІЗІЛГЕН КУРСТАР

1000

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН ПЕДАГОГТЕР

0

ШЕТЕЛДІК ҰЙЫМДАРМЕН ЖАСАЛҒАН МЕМОРАНДУМДАР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТТАР

1948 жыл

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес, Қазақ КСР-і Ағарту министрлігінің 1948 жылғы 10 ақпандағы ұсынысы бойынша облыстық халықтық білім беру бөлімі жанынан әдістемелік кабинет негізінде Шығыс Қазақстан мұғалімдер білімін жетілдіру Институты құрылды.

1948 жыл

1949 жыл

Мұғалімдерді жетілдіру институты оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру бойынша түбірлі әдістемелік бірлестіктерді құру бойынша жұмыс жүргізді.

1949 жыл

1953-1954 жылдар

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты алғашқы облыстық педагогикалық оқуларды ұйымдастырып, өткізді.

1953-1954 жылдар

1961 жыл

ШҚО МБЖИ бұйрығы бойынша облыс мұғалімдерінің тобы Липецк облысы мектептерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу үшін Липецк қаласына жіберілді. 

1961 жыл

1962 жыл

Шығыс Қазақстан мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының директоры Т.Е.Самойлов бастаған үздік қызметкерлер Қазақ КСР мұғалімдерінің 3 съезіне қатысты.

1962 жыл

1967 жыл

Әрбір оқу-әдістемелік кабинеттерде кеңестер құрылып, құрамына әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімлер, институт және училище педагогтері кірді.

1967 жыл

1970 жыл

Облыстық мектептердің кабинеттік оқыту жүйесі бойынша оқуға көшуі оң деп танылды.

1970 жыл

1978 жыл

Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты жеңімпаз болып танылды және КСРО ағарту министрлігімен Ауыспалы Қызыл тумен марапатталды.

1978 жыл

1988 жыл

Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты мен педагогикалық қоғамның облыстық бөлімшесі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің «Шығармашылық» клубын ашты. Клубтың бірінші отырысы 1988 жылжың 25 наурызында Өскемен қ. №17 орта мектебінде өткізілді.

1988 жыл

1989 жыл

Шығыс Қазақстан облыстық шығармашылықпен жұмыс істейтін «Шығармашылық» мұғалімдер клубы коммуналдық әдістеме мәселесі бойынша кездесулер өткізеді. Кездесу мақсаты: коммуналдық әдістемені практикалық игеру, ынтымақтастық педагогикасы идеяларын зерттеу.

1989 жыл

1990 жыл

1990 жылдың 27 ақпанында облыстық халықтық білім беру бөлімі және мұғалімдерді жетілдіру институты Үлкен Нарын ауданының Көктерек орта мектебінде облыстық шығармашылық сабақтар фестивалін өткізді.

1990 жыл

1996 жыл

Облыстық басқарманың 1996 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен институт базасында дамыта оқыту жүйесі бойынша облыстық эксперименттік алаң мәртебесі бар мектеп құрылды. Институт әдіскерлері балаларды бастауыш білім берудің іс-әрекеттік үлгідегі жүйесі бойынша оқытты.

Екінші оқу жылында балалар Мәскеу қаласында бес оқу пәні бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

1996 жыл

1998 жыл

Білім департаментінің 1998 жылғы 03 ақпандағы №10-к бұйрығына сәйкес мұғалімдерді жетілдіру институты «Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» болып өзгертілді.

1998 жыл

1999 жыл

«Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» Білім департаментінің №212 бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК болып қайта құрылды.

1999 жыл

2000 жыл

2000 жылдың қыркүйегінен бастап «Педагогический мир» облыстық газеті шыға бастады. Осылайша, тәжірибе жинақтаған екі беттік кітапшалар мен плакаттар салиқалы педагогикалық басылымға ауыстырылды.

2000 жыл

2001 жыл

2001 жылдың маусым айынан бастап «ШҚО педагогикалық жаршысы» атты журналдың алғашқы номері жарыққа шықты.

2001 жылдың наурыз айынан бастап, 16 жыл бойы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Экобиоцентр» ОИ-мен бірлесе отырып, «Экологиялық ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді, оған ПҚ БАИ қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ШҚО экология басқармасының педагогтары мен қызметкерлері қатысты.

2001 жыл

2003 жыл

Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 314 бұйрығына сәйкес ШҚО білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында «Өзін-өзі тану» курсын апробациялау және енгізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік кеңес құрылды, ол үйлестіруші орган болып табылады, оның шешімдері ұсынымдық сипатта болды.

Кеңес жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, тоқсан сайын «Өзін-өзі тану» курсында адамгершілік-рухани білім беру мәселелері бойынша сұрақтар қарастырылды.

2003 жыл

2006 жыл

Ресурстық орталық құрылды, оның негізгі мақсаты – уақыт сұраныстарына, мемлекеттік тапсырыс және білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жедел ден қою.

2006 жыл

2008 жыл

2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін институт базасында РИПКСО хаты мен ЮНЕСКО-ның Қазақстан бойынша Кластерлік Бюросының негізінде Барлығы үшін білім беру және тұрақты даму үшін білім беру халықаралық бағдарламаларын ілгерілету жөніндегі үйлестіру орталығы құрылып, жұмыс істеді. Облыстық координаторы болып география, биология, экология және экономика кабинеттерінің меңгерушісі С.Е.Нұркенова тағайындалды.

2008 жыл

2009 жыл

Институт Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының “Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты” РМҚК болып өзгертілді.

2009 жыл

2012 жыл

2012 жылдың ақпан айында Үкімет қаулысымен институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» РМҚК болып өзгертіліп, кейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы болып қайта құрылды. Бұл жүргізілген қайта құрулар оқытудың және бағалаудың инновациялық технологияларын енгізу, педагогика саласындағы шетелдік және отандық мамандарды оқытушылық қызметке тартудың үздік әлемдік және қазақстандық тәжірибесін трансляциялау негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртуға түрткі болды.

2012 жыл

2013 жыл

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2012 жылы білім беру ұйымдарына «e-learning» электрондық оқытуды енгізу жалғасуда. Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ базасында 2013 жылдың 9 қыркүйегінен бастап е-learning электронды оқыту курстары басталды.

2013 жыл

2016 жыл

Қазақстанның мектептік білім берудің басымдықтары инфрақұрылымдық даму және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге дайындық болды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жүзеге асырылуда. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу үшін база дайындалды. Мемлекеттік бастауыш білім беру  стандарты қабылданды. Республиканың 30 пилоттық мектептерінде, оның ішінде Өскемен қаласының №39 мектебінің екі бірінші сыныптарында және ШҚО Көкпекті ауданының Абай атындағы мектебінде жаңартылған оқу бағдарламаларын бейімдеу жүргізілуде.

2016 жыл

2018 жыл

2018 жылы “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мерейтойын атап өтеді. Біліктілікті арттыру жүйесінің қалыптасу және даму тарихы 70 жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды және көптеген жетістіктерге жетті.

70 жыл – институт үшін өте маңызды және айтулы мереке, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерге баға беріп, болашақтағы дамуға зер салатын кезең.

2018 жыл

2019 жыл

2019 жылдың 11 желтоқсанында “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ тарихында елеулі оқиға болды. Бұл күні “мұғалімдер үйінің”салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2019 жыл

Іс-шаралар аңдатпасы

26

Мам

2023

Ойын мектеп жасындағы балалардың ұйымдастырылған қызметі құралы ретінде

  • 09:00 - 14:00
  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты»

27

Мам

2022

Ауыл мектептері оқушыларының экологиялық тәрбие дағдыларын қалыптастыру

Ауыл мектептері оқушыларының экологиялық тәрбие дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы Франция, Индонезия, Венгрия, Ресей елдерінің қатысуымен халықаралық вебинар. Өткізу мерзімі:27…

  • 15:00 - 17:00
  • Дом Учителя ВКО, Киевская,69

Пайдалы сілтемелер

План курсов и ссылка на файл

Проекты

Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс беруге қуаныштымын!

Құрметпен, Жұманова Гаухар Сайлаубекқызы
Өрлеу Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры | ПҒК

Ашық есік күндері

2024 жыл

  • 23.01.2024
  • 19.03.2024
  • 20.05.2024
  • 20.08.2024
  • 22.10.2024
  • 19.12.2024

Азаматтырды жеке сұрақтармен қабылдау уақыты

Біздің оқытушылар

Байланыстар

+7(7232) 71-21-01 – Қабылдау бөлмесі

+7(7232) 70-50-07 – Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімі

ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Киевская к-сі, 69

Дүйсенбі - Жұма: 9:00 - 18:30

Түскі ас: 13:00 - 14:30

Демалыс күндері: Жабық

Диагностика

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар