“Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалауды пайдалану” тақырыбында оқыту семинары өтті

2021 жылдың 29 қазаны күні Ақтөбе қаласындағы №5 жалпы білім беретін орта мектепте «Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалауды пайдаланудың түйінді компоненттері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу үдерісі мен критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру мақсаты қарастырылды.

Теориялық бөлімде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. К.Ж.Рахатова, №5 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Тулегенова критериалды бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктеріне талдау жасап, қалыптастырушы бағалаудың тиімді стратегияларын таңдау мен жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушылармен арадағы кері байланыс және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдалануды талқылады.

Г.Т.Изтаева, Г.К.Абдинагиева, У.С.Тлегенова, С.С.Унгарова, Ж.А.Багиева, А.Ө.Шульга, С.В.Нечепурная, Е.Н.Бауман, И.Д.Бондаренко,Ж.Т.Танбаева, Г.А.Багиева, Н.С.Изимгалиева, А.А.Батыргалиева, А.М.Жақсылық бөлім және тоқсандық бағалау жүргізу бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Соңында қатысушылар бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделетініне көз жеткізіп, тиімді кері байланыстар ұсынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар