Герб, идея, личность: педагоги в диалоге с историей

26 мамырда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде ҚР рәміздер күніне орай «Елтаңба – елдіктің арқауы» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков пен Ұлттық дизайн академиясының академигі Байқоңыр Ижановтың қатысуымен өткен шарада рәміздің идеялық мәні мен тарихы, автордың шығармашылық жолы кеңінен сөз болды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері осы маңызды кездесуге арнайы қатысып, ой түйіп, авторға сұрақтарын қойды.

Жандарбек Мәлібекұлы кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ыбырай музейінің ұжымына ризашылығын білдіріп, музей басшысы Марғұлан Оспановқа «Елтаңба» төсбелгісі мен Елтаңба туралы авторлық кітабын тарту етті.

«Өрлеу» үшін Ыбырай Алтынсарин музейі – әрдайым рухани жаңғыру мен кәсіби шабыттың орталығы. Мұндай мазмұнды кездесулер мұғалімдердің дүниетанымын кеңейтіп, елдік рухты дәріптеуге жол ашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар