Бүгін “Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру” тақырыбындағы курс тыңдаушылары Ақтау қаласындағы №24 бөбекжай базасында тәжірибе алмасты. Көшпелі тәжірибелік сабақтың мақсаты-мектеп жасына дейінгі балалармен, ата-аналармен, әріптестерімен қарым-қатынасты ұйымдастыру және оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында тиімді кері байланысты қамтамасыз ету дағдыларын жетілдіру.
Заман талабына сай жаңа бағытта сабақ беру, өзара ой бөлісіп , тәжірибе алмасуға бағытталған тәжірибелік сабақ өз мақсатына жетті.
Өрлеу- Маңғыстау филиалы №24 бөбекжай әкімшілігіне, іс – тәжірибесімен бөліскен балабақша тәрбиешілеріне шығармашылық табыс тілейді.

- 18 Мар
- 2024