Педагогтердің кәсіби дамуы – шығармашылық бірлікте

Ағымдағы жылдың 04 қарашасында Ақтөбе қаласы №69 ЖББОМ сұранысына сай «Шығармашылықтағы топтағы – кәсіби даму» тақырбында, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент А.К.Каплиеваның ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтілді.

Семинар-кеңесті «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева ашып қатысушыларға педагогтердің кәсіби дамуының басты проблемаларына тоқталды.

Семинар өзектілігінде ұжымда шығармашылық зертхана құруда педагогтердің ғылыми-зерттеу жұмысына ықпал ететін іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді түрлерін іздеу нәтижесіндегі жаңашылдықты жинақтаудың әдіс—тәслдерін жүйелеу жолдары талқыланды. Зерттеуші ғалымдар Мерсер мен Литлтонның педагогтердің өзіндік қабілеттері мен ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік жасайтын моделдері талданып, тәжірибелік алаңында жұмыс жасаудың кәсіби даму картасының үлгісі жасалынды. Семинар «Өзіндік даму баспалдағы» рефлексиясы арқылы қортындыланды.


Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар