
- 05 Сен
- 2024
«ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ. АХМЕТ ТАҒЫЛЫМЫ»!

- 05 Сен
- 2024
ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ. АХМЕТ ТАҒЫЛЫМЫ»!
Дәл осындай ұранмен А.Байтурсынулы атындағы «№9 Орта мектебінің базасында «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тобының тыңдаушылары, мектеп ұжымы және оқушылар үшін облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша КДИ және «А.Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын тану, әдістемелік және ғылыми жұмыстарын негіздеу және тіл мен әдебиетті оқыту әдістемелерін жетілдіру мамұнында ұйымдастырды.
Қатысушылар қазақ әліппесінің дүниеге келу тұжырымы, педагог пен оқушылардың бірлескен зерттеулерінің нәтижелері, жас ұрпақты тәрбиелеудегі А.Байтұрсынұлының шығармаларындағы тәрбиелік мәнін дәріптеу іс-шараның өзектілігі болды.
Іс-шара соңында қатысушылары өз тәжірибелерімен бөліскені үшін СҚО «Өрлеу» сертификаттарымен марапатталды.