Білікті мұғалім – сапалы білім кепілі

  • 10.05.2025

Қаңтардың 24-і күні «Өрлеу» БҚО институтында Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың үндеуінде айтылған педагог құзыреттілігінің дамуымен оның қажеттілігі мәселелеріне орай  «Мұғалім ­-­­ ­­мектептің жүрегі»  тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Жиын барысында институт директоры Софья Измуханбетова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мұғалім тапшылығы бар өңірлерге үздік мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын атап өтті. Институт директоры жоғары білімнің қолжетімділігі, еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінің жастары үшін атаулы гранттарды бөлу, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызына тоқталып, 2025 жылға дейін елімізде беделді шетелдік университеттердің кем дегенде 5 филиалын ашуды тапсырғанын мәлімдеді.  Жиын соңында ұжым қызметкерлері аталған тақырыпқа орай өз ойларын білдіріп, пікірлерімен алмасты.

ИНФОРМАЦИЯ О СОБЫТИИ :

  • Дата начала:10.05.2025
  • Дата окончания:10.05.2025

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар