В Өрлеу проходят курсы повышения квалификации

Өрлеу-Маңғыстау филиалы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізілетін мемлекеттік курстарды 2024 жылдың ақпан айының 26-сы күні бастады. ✅️ Осы аралықта мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін 7 курс ұйымдастырылып, 180 педагогті қамтыды.✅️ Ал орта білім беру деңгейі бойынша 230 педагогті қамтыған 9 курс ұйымдастырылды. Ағымдағы курстарға пән мұғалімдерінен басқа педагог-ассистенттер, мектепке дейінгі білім беру әдіскерлері шақырылды. Инклюзивті білім беру бойынша 1 курс ұйымдастырылды.🤝 Әріптестеріміздің оқу және оқыту сапасын арттырудағы ізденістеріне сәттілік тілей отырып, филиал атынан олардың жаңа білім алу, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тереңдетуге, жетілдіруге мол мүмкіндік туғызылып, жағдай жасалатындығына сендіргіміз келеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар