Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Білуге тиіс: цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жаңа технологияларды енгізу, жарнама жөніндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың негіздері, қоғаммен байланыс, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері ақпараттық жүйелер, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- Қоғамның ІТ-инфрақұрылымын қолдауға міндетті. ІТ-инфрақұрылымының (серверлер, принтерлер, компьютерлер, интернет-ресурстар, ақпараттық жүйелер) үздіксіз жұмысын бақылауды жүзеге асыруға, ІТ-инфрақұрылымын қолдау бойынша қызметтердің техникалық ерекшеліктерін және көлемін айқындауға, сыртқы өнім беруші көрсететін қызметтердің сапасын қабылдап алуды және бағалауды жүзеге асыруға, қолда бар бағдарламалық қамтылымды сүйемелдеуге және пысықтауға;
- Қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. ҚР заңнамасының талаптарына және Қоғамның ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, жоспарлауға және бақылауға, оның ішінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуына жауапты. Анықталған ІТ саласындағы бақылаулар мен оқиғаларды жоюға;
- Қоғамның деректерін басқаруға міндетті. ҚР заңнамасының талаптарына, Қоғамның ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес деректердің сақталуын және Қоғамның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында резервке алынуға жататын деректердің мерзімдері мен санын айқындауға;
- Қоғамның ІТ-ресурстарының бюджетін жоспарлауға міндетті. Қоғамның даму жоспарларына сәйкес Қоғамның ақпараттық технологияларына бөлінетін бюджетті жоспарлауға, орындауға және мониторингке жауапты болуға;
- курстық және курсаралық іс-шараларды оқу және әдістемелік қолдауды виртуалды-интерактивті технологияландыруды дайындауды қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша жетекші оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға және дамытуға;
- біліктілікті қашықтықтан арттыру бойынша оқу іс-шараларын әзірлеуге және бекітуге, LMS-жүйесін мультимедиялық және виртуалды-интерактивті, бейне оқыту материалдарымен толықтыру процесін ұйымдастыруға;
- сервердегі деректер базасы бойынша жұмыс процесін реттеуге, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, білім басқармасы органдары мен әдістемелік қызметтердің басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының сабақтастығын, біліктілігін арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 тамызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 2 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.