Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 10 месяцев тому назад

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Үздіксіз дамуды қамтамасыз ету департаментінің курстан кейінгі қолдау басқармасының бас маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: білім беру саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, Педагогика және психология негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Негізгі міндеттері:

  • Қоғамның филиалдарын әдістемелік қызметті дамытудың басым бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге;
  • білім беру ұйымдарында курстық оқудан өткен педагогтердің алған құзыреттерін қолдану нәтижелерін қадағалау мақсатында олардың қызметіне бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге;
  • бір күнтізбелік жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес курстық оқудан өткен педагогтерге курстан кейінгі қолдауды жүргізуге;
  • білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізуге;
  • курстық оқудан өткен педагогтерге олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексивті қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсетуге;
  • педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерінің жарияланымдарын дайындауда консультациялық көмек көрсетуге;
  • курстан кейінгі қолдау нәтижелеріне талдау жүргізуге;
  • атқаратын лауазымы бойынша құзыреттер шеңберінде өз қызметінің бағыттары бойынша құжаттаманы жүргізуге және құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен архивке тапсыруды қамтамасыз етуге;
  • жұмыс берушіге келтірілген залалды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде өтеуге.

 Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 тамызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 2 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job