«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Стратегиялық жоспарлау және зерттеу департаментінің бас маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, В2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгеру.
Білуге тиіс: ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; ғылыми-зерттеу қызметінің әдіснамасы; тиісті білім саласын зерттеудегі ғылыми проблемалар мен өзекті трендтер; білім беруді дамытудың жай-күйі мен перспективалары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер; еңбек заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары мен нормалары еңбекті қорғау; өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуге;
- стратегиялық және ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау жөніндегі перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын жасау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
- есептілікті уақтылы жасауға, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуге;
- ғылыми-зерттеу және мониторингтеу қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыруға, оның даму перспективаларын айқындауға, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдауға;
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу және мониторингтеу қызметі бойынша жұмысын үйлестіруді жүзеге асыруға;
- Қоғамның ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындауға;
- сұратылатын нысан бойынша Қоғамның ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық, жыл сайынғы талдамалық есепті (кестелерімен, слайдтарымен, диаграммаларымен) дайындауға;
- Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдауға;
- филиалдар мамандарына ғылыми-зерттеу және мониторингтеу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге;
- халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-практикалық симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды күндізгі/онлайн ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысуға;
- білім беру, оның ішінде кәсіби даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру шеңберінде әкімшілік қолдау көрсетуге;
- Қоғамның ғылыми зерттеу жобалары, сондай-ақ Қоғам атынан өткізілетін сырттай қаржыландырылатын жобалар мен конкурстар шеңберінде далалық зерттеулердің дизайнын әзірлеуге және эмпирикалық деректерді жинауға қатысуға;
- Қоғам ұсынатын білім беру қызметтеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін әдіснамалар мен құралдар әзірлеуге;
- Қоғам филиалдарының курстық және курстан кейінгі қызметіне мониторинг жүйесін құру және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті критерийлер мен әдістерді жетілдіруге;
- педагогтердің кәсіби даму саласындағы қажеттіліктері бойынша олардың кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін талдау негізінде ұсыныстар әзірлеуге;
- Қоғам филиалдарының ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдар қаржыландыратын ғылыми конкурстарға өтінімдер беру процесіне қатысуына жәрдемдесуге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуы саласындағы халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысуға.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 тамызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 2 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.