«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Стратегиялық жоспарлау және зерттеу департаментінің маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; оқу құжаттамасын есепке алу және ресімдеу тәртібі; ғылыми-зерттеу қызметінің әдіснамасы; іс жүргізу негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидалары; еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары; өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- Қоғамның стратегиялық қызметін жоспарлау жөніндегі тапсырмаларды орындауға;
- стратегиялық және ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау жөніндегі перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын жасау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
- Қоғамның ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындауға;
- сұратылатын нысан бойынша Қоғамның ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық, жыл сайынғы талдамалық есепті (кестелерімен, слайдтарымен, диаграммаларымен) дайындауға;
- халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-практикалық симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды күндізгі/онлайн ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысуға;
- білім беру, оның ішінде кәсіби даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру шеңберінде әкімшілік қолдау көрсетуге;
- Қоғамның институционалдық және ғылыми зерттеу жобалары, сондай-ақ Қоғам атынан өткізілетін сырттай қаржыландырылатын жобалар мен конкурстар шеңберінде далалық зерттеулердің дизайнын әзірлеуге және оны дайындау мен өткізуге және ғылыми деректерді жинауға қатысуға;
- Департаменттің жетекші маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындауға;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреттер шеңберінде іс қағаздарды жүргізуге және құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен архивке тапсыруды қамтамасыз етуге;
- жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
- жұмыс берушіге келтірілген залалды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде өтеуге;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ Қоғамның кеңестеріне қатысуға.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш сілтемеге сәйкес (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 тамызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
+7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 2 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.