Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 9 месяцев тому назад

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Үздіксіз дамуды қамтамасыз ету департаментінің білім беру бағдарламалары басқармасының бас маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: білім беру саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, Педагогика және психология негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Негізгі міндеттері:

  • курстардың білім беру бағдарламаларын (ережелер, қағидалар және т. б.) әзірлеу жөніндегі қызметке қатысты Қоғамның ішкі актілерінің жобаларын әзірлеуге;
  • курстардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуде әдістемелік жұмысты дамыту стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • білім және ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізуге;
  • педагогтердің кәсіби даму қажеттіліктеріне талдау жүргізуге;
  • Қоғамның профессорлық-оқытушылық құрамын және жұмысқа тартылған курс бағдарламаларын әзірлеушілерді оқытуды жүргізуге;
  • педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуге;
  • біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерді іріктеу критерийлерін және әзірлеушілердің жұмыс тобының құрамын айқындауға;
  • педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеушілердің жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыруға;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес әзірленген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын келісуді және бекітуді қамтамасыз етуге;
  • курстардың білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді ұйымдастыруға;
  • білім беру бағдарламалары басқармасының басқа жетекші маманы уақытша болмаған кезеңде (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындауға;

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 2 қыркүйекті қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 3 қыркүйек, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job