«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу жұмысын ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі болған жағдайда, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
– бастамашылдық, жауапкершілік, қызметтерді тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлау, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық сияқты қасиеттер бойында болу қажет.
Білуге тиіс: білім беру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, педагогика және психология негіздері, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, басқарудың инновациялық әдістері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары,еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- Қоғамның басшылық ететін құрылымдық бөлімшесінің қызметіне, оның ішінде еңбек тәртібіне жалпы басшылық жасауға және бақылауды жүзеге асыруға, жұмыскерлер арасында функционалдық міндеттерді бөлуге;
- басшылық ететін құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысуға;
- Қоғам филиалдары директорларының орынбасарларымен жұмысты және тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыруға;
- біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізуді басқаруды және бақылауды жүзеге асыруға;
- оқу іс-шараларының жоспарын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыруға;
- оқу жұмысының тиімділігін арттыру және оқытушыларды жүктемемен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар беруге;
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, атап айтқанда, Орта білім комитетімен және Мектепке дейінгі білім беру департаментімен курстарды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасауға;
- Департамент директорының орынбасары уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін атқаруға;
- қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға;
- қарамағындағылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, адамдарды дұрыс орналастыруға қамқорлық жасауға, департамент жұмыскерлерінің еңбек режимін бақылауға;
- қарамағындағы құрылымдық бөлімшеде жұмыскерлердің шығармашылық бастамасын көтермелеуге, ынталандыруға, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қолдауға.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 2 қыркүйекті қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 3 қыркүйек, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.