«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Экономикалық жоспарлау және талдау департаментінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары экономикалық білім, экономика саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: Қоғамның экономикалық қызметін дамытудың бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; Қоғамда экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдарын; Қоғамның бағытын, құрылымның ерекшеліктерін; Қоғамның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін; Қоғамда жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды; жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қолдану мүмкіндіктерін.
Негізгі міндеттері:
- еңбек шартында, Қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауға;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының тапсырмаларын орындауға;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
- Қоғамның өзі басшылық ететін құрылымдық бөлімшесінің қызметіне, оның ішінде еңбек тәртібіне жалпы басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыруға, жұмыскерлер арасында функционалдық міндеттерді бөлуге;
- өзі басқаратын құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысуға;
- нарықтың қажеттіліктеріне және Қоғамның стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – негізгі көрсеткіштер) көрсетілген тиісті мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау жөніндегі қызметін сипаттайтын дамудың негізгі көрсеткіштеріне сәйкес көрсетілетін қызметтерді жасау және іске асыру процесінде ресурстардың барлық түрлерін барынша тиімді пайдалану және барынша қаржылық нәтиже алу мақсатында Қоғамның қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастыруға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекіту органының қарауына Даму жоспарының жобасын, Даму жоспарының орындалуы мен іске асырылуын бағалау жөніндегі есепті енгізуді қамтамасыз етуге;
- бюджеттік өтінімді жасаудың дұрыстығын тексеруге;
- филиалдарды қаржыландыруға өтінімдерді тексеруге;
- филиалдарды қаржыландыру жоспарларын тексеруге және уақтылы бекітуді қамтамасыз етуге;
- Даму жоспарының жобасын жасаудың дұрыстығын тексеруге (жасауға қатысуға) және оны бекіту органының қарауына енгізуге;
- қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуын, Қоғам меншігінің сақталуын бақылауға;
- Қоғамның бекітілген Даму жоспарына сәйкес қаржылық тәртіптің сақталуын, шығындар баптарынан қаражаттың жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізуге;
- қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджет және бюджеттен тыс қаражатты пайдалану туралы есептер мен жедел жиынтық есептердің жасалуын бақылауды қамтамасыз етуге, есепті ақпараттың объективтілігі үшін жауаптылықта болуға;
- салалық тарифтік келісімдерді дайындауға және жасасуға қатысу бойынша жұмысты ұйымдастыруға;
- Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жобаларын әзірлеуге;
- Департаменттің бас экономисті уақытша болмаған кезеңде (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, жалақысы сақталмайтын демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін атқаруға.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 2 қыркүйекті қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 3 қыркүйек, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.