Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 8 месяцев тому назад

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары заң және (немесе) экономикалық білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, менеджмент, маркетинг және экономика негіздері, баға белгілеу әдістері, стратегиясы мен тактикасы, құжаттарды дайындау жөніндегі компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі.

Негізгі міндеттері:

  • Орталық аппараттың (бұдан әрі – ОА) және Қоғам филиалдарының (бұдан әрі – Филиалдар) мемлекеттік сатып алу жоспарын (бұдан әрі – МС жоспары) қалыптастыруға;
  • ОА мен Филиалдардың МС жоспарын бекіту жөнінде бұйрықтар жасауға;
  • ОА бекіткен МС жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) орналастыруға;
  • ОА мен Филиалдардың МС жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
  • ОА мен Филиалдардың МС жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтарды жасауға;
  • ОА МС жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды веб-порталда орналастыруға;
  • тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ТЖҚ) бойынша техникалық ерекшеліктерді келісуге;
  • мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін бұйрықтар жобаларын дайындауға;
  • МС жоспарында айқындалған тәсілдермен ОА мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге;
  • мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша шарттар жасауға;
  • тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарттар жасауға;
  • тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған шарттар бойынша есептерді қалыптастыруға және веб-порталда орналастыруға;
  • шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің 3%, аванс мөлшерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 26-бабына сәйкес сомалардың енгізілуін бақылауға;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер жасауға;
  • сатып алу бастамашыларының тиісті қызметтік жазбалары негізінде ОА ТЖҚ мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бұзу туралы хабарламаны веб-портал арқылы жіберуге;
  • сатып алу бастамашыларының тиісті қызметтік жазбалары негізінде ОА ТЖҚ-ны мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды веб-портал арқылы бұзуға;
  • МС жоспарының, ОА және Филиалдар шарттарының орындалуына мониторинг жүргізуге;
  • конкурс, алдын ала конкурстық іріктеумен конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға конкурстық/аукциондық комиссиялардың құрамына қатысуға;
  • ОА мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің хаттарына, өтініштеріне, шағымдарына жауаптардың жобаларын дайындауға;
  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган жолдаған ОА ТЖҚ мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды қарауға және оларға жауаптарды дайындауға.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 25 қыркүйекті қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 26 қыркүйек, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job