Архив
“Өрлеу” по Восточно-Казахстанской области
Размещено 8 месяцев тому назад

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдіскері 0,5 жүктемеге

 бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 20.09.2024 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 26.09.2024 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы

Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru   vkoipk@orleu-edu.kz

Телефон: 8/7232/740024

Бос орын атауы: педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдіскері             0,5 жүктемеге.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, инновациялық басқару әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұнын, педагогикалық этика нормаларын, жұмыс тәжірибесін, ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті жалпылау және таратуәдістемесін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдіскері лауазымдық міндеттеріне кіреді:

  1. ;
  2. Шақырылған оқытушылар өткізген курстардан өткен педагогтерді курстан кейін қолдау;
  • Әзірленетін білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Филиалдың  операциялық жоспарын іске асыру қызметін ұйымдастыру;
  • Филиалдың әдістемелік жұмысы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және курстан кейінгі қолдау бойынша тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептер үшін деректер жинау;
  • Филиалдың Сараптама Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
  • Кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамына, педагогтерге, аудандық/қалалық/облыстық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

8) Іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Іссапарлар: жоқ

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Білім деңгейі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе кадрлау даярлаудың тиісті бағыты бойынша  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: білім беру ұйымдарындағыжұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.

Apply For This Job